Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенат президенттің өкілеттігін шектейтін заң қабылдады

Опубликовано:

Ер адам құжатқа қол қоюда
Ер адам құжатқа қол қоюда. Көрнекі фото: Pexels.com

Сенат депутаттары палатаның жалпы отырысында президенттің өкілеттігін шектейтін, сондай-ақ оның жақын туыстарының мемлекеттік және ұлттық компанияларда басшылық қызметтер атқаруына тыйым салуды көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұндай нормалар "Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасында қамтылған.

Заң жобасында 8 конституциялық заңға түзетулер енгізу көзделген.

Заң жобасының негізгі мақсаты – президенттің өкілеттігін қысқарту, биліктің өкілді тармағын қайта форматтау, сайлау жүйесін жетілдіру, құқық қорғау институттарын күшейту және сайлау процесін жаңғырту.

Құжат президентке қол қоюға жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1995594-senat-prezidenttin-okilettigin-sekteitin-zan-qabyldady/

pixel