jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Бесінші алтын: ММА шебері Еркінғали Бүркіталин XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды

    Еркінғали Бүркіталин (сол жақта)
    Еркінғали Бүркіталин (сол жақта). Фото: Сали Сабиров / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Жапонияның Нагоя қаласындағы Инаэ спорт орталығында аралас жекпе-жектен Азия ойындарының финалдары өтіп жатыр. Қазақстандық ММА шебері Еркінғали Бүркіталин XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

    Отандасымыз Еркінғали Бүркіталин (дәстүрлі стиль) 77 кг дейінгі салмақтың финалында бахрейндік қарсыласы Мұхаммед Нәбиевпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 3-0.

    Айта кетерлігі, MMA Жапонияда алғаш рет жазғы Азиада бағдарламасына қосылды.

    Қазір Қазақстан командасының еншісінде Азиаданың 5 алтыны бар.

    Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

    Еске сала кетейік, 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында велошабандоздар Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко және каратешілер Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.

    Бесінші алтын: ММА шебері Еркінғали Бүркіталин XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram