Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев халықаралық нарықтарда ұлттық экономикалық мүддені белсенді түрде қорғауға шақырды

Опубликовано:

Президент Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді қабылдады
Серік Жұманғарин мемлекет басшысының қабылдауында. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысына сауда саясатын дамытудың жаңа тәсілдері туралы мәлімет берілді. Қазіргі уақытта сауда-саттық саласы еліміздегі жалпы ішкі өнім құрылымында (18,3 пайыз), жұмыспен қамтылған адамдар (1,45 миллион) мен бизнес субъектілерінің саны (551 мың адам) жөнінен бірінші орында тұр. Сонымен қатар, сала бір субъектіге шаққандағы пайда мөлшері және негізгі капиталға салынған инвестициялар деңгейі бойынша артта келеді.

Ұсынылған тәсілдер ішкі нарықты қорғауға, өз өндірісімізді қолдауға және тауар өткізетін жаңа нарықтар ашуға бағытталған. Бұдан бөлек, электронды коммерцияны дамыту, трансшекаралық және ірі сауда-логистикалық хабтарды салу көзделіп отыр.

Кездесу барысында еліміздің интеграциялық одақтардағы қызметі мен еркін сауда аймақтарын құру мәселелері қарастырылды. Серік Жұманғарин Қазақстан делегациясының Иранға сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтар туралы есеп берді.

"Мемлекет басшысы сауда-саттықтың жаңа форматтарын енгізу жұмыстарын күшейту жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ халықаралық нарықтардағы ұлттық экономикалық мүддені белсенді түрде қорғау қажеттігін атап өтті", – делінген хабарламада.

Еске салайық, 2 қыркүйек күні Серік Жұманғарин вице-премьер – Сауда және интеграция министрі болып тағайындалған болатын. Ол бұл қызметте Бақыт Сұлтановты алмастырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1995833-toqaev-xalyqaralyq-naryqtarda-ulttyq-ekonomikalyq-muddeni-belsendi-turde-qorgauga-saqyrdy/

pixel