Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында патрульдеу жұмыстары күшейтілді

Опубликовано:

Жол
Фото: ҚазАвтоЖол

Елдің республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында патрульдеу жұмыстары күшейтілді. Осылайша, олар ауа райының қолайсыздығы салдарынан туындайтын мәселелердің алдын алмақ.

Жолшылар тәулік бойы жолдарды қардан тазалап, көктайғаққа қарсы құм-тұз қоспасын себу жұмыстарын жалғастыруда. Қазір республикалық маңызы бар жолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 300-ден астам арнайы қысқы техника мен 400-ден аса жолшылар жұмылдырылды. Дәл қазір республикалық маңыздағы жолдардың барлығы ашық.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазгидромет" РМК ақпаратына сәйкес, бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, боран мен көктайғақ күтілуде. Бұл өз кезегінде жол пайдаланушыларына ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Сонымен қатар, еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Осыған байланысты, автокөлік иелерін жолда өте мұқият болуларын сұраймыз: жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін сақтап, алыс жолға шығарда ауа-райының өзгеруін бақылап отыру маңызды.

Ал республикалық жолдарда штаттан тыс оқиғалар орын алған жағдайда көлік жүргізушілері 1403 қысқа нөмірі бойынша "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына жүгіне алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1997032-respublikalyq-manyzy-bar-avtomobil-zoldarynda-patruldeu-zumystary-kuseitildi/

pixel