Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы президент сайлауы: сайлау учаскелері қай жерде ашылды

Опубликовано:

Сырымбек Тау
Сырымбек Тау. Фото: t.me/pressmfakz

Бүгін, 20 қараша күні Қазақстанда президент сайлауы өтіп жатыр. Шет елдерде алғашқы сайлау учаскелері уақыт белдеуіндегі айырмашылыққа байланысты ашылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің ресми Telegram арнасы.

Дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып Жапония мен Оңтүстік Кореяда тұратын қазақстандықтар иеленді. Токио қаласында сайлау учаскесіне алғаш болып қазақстандық кәсіпкер Сырымбек Тау келді.

"Сайлауға қатысу әрбір азаматтың борышы, мемлекет алдындағы парызы деп ойлаймын. Біз өз таңдауымызды жасап, мемлекеттік іске белсенді араласуымыз керек. Менің ойымша, мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен іргесінің берік болуына әркім өз үлесін қосу қажет. Міне, сондықтан да бүгін кәсіпкер ретінде Токиода іс-сапармен жүріп, өз дауысымды ел болашағы үшін беруді жөн көрдім", - деді Сырымбек Тау.

Ал Оңтүстік Корея астанасындағы №258 учаскеге алғашқы болып қазақстандық Юрий Цой келді. Ол Сеулде 5 жылдан астам уақыт тұрып, кәсіпкерлік қызметпен айналысады.

"Мен әрқашан Қазақстандағы жаңалықтарды белсенді қарап отырамын және елдегі оң өзгерістерді көріп жүрмін. Сондықтан бүгін Қазақстан президентінің сайлауында дауыс беруге шешім қабылдадым", - деді кәсіпкер.

Сондай-ақ Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр қалаларында дауыс беру учаскелері де өз жұмысын бастады.

Ал Қазақстанда сайлау учаскелері сағат таңғы 07:00-де өз жұмысын бастауы керек еді, бірақ кейбірі бір сағат бұрын ашылды. Олар - әскери бөлімдердегі, шалғайдағы мал шаруашылығы учаскелеріндегі, демалыс үйлеріндегі, санаторийлердегі, стационарлық емдеу-профилактикалық мекемелердегі, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларындағы, сондай-ақ кейбір кәсіпорындағы учаскелер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1997961-qazaqstandagy-prezident-sailauy-ucaskeler-qai-zerde-asyldy/

pixel