Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Қазақстанның заң шығарушы органында оппозиция пайда болады деп күтемін

Жарияланған күні:

Парламент отырысы
Көрнекі фото: primeminister.kz

Қазақстанда әлі бірде-бір жаңа саяси партия тіркелмеген. Осыған байланысты журналистер Қасым Жомарт-Тоқаевтан парламенттік сайлаудан қандай өзгеріс күтуге болатынын сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біз жаңа партиялардың тіркеуге алынатынын айттық, қазір процесс жүріп жатыр. Партияларды жасанды түрде заңды бұза отырып тіркей алмаймыз, әсіресе егер олар өздері заң бұзса. Біз қолайлы жағдай жасап жатырмыз.

Парламент сайлауы басталғанға дейін бірнеше партия тиісті шарттарды орындап, тіркеле алады деп ойлаймын. Меніңше, бұл өзіміз үшін қажет. Оның үстіне парламенттік сайлау жаңа аралас жүйе бойынша өтеді.

Мен сайлау нәтижесінде еліміздің заң шығарушы органында қызықты адамдар, оның ішінде оппозициялық көзқарастағы адамдар пайда болады деп күтемін", - деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандағы барлық сайлау учаскесі жұмысын бастағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998014-toqaev-qazaqstannyn-zan-sygarusy-organynda-oppoziciya-paida-bolady-dep-kutemin/