Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады

Опубликовано:

сайлау
Сайлау жәшігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ОСК мүшесі Мұхтар Ерман Қазақстандағы президенттік сайлауға қазақстандықтардың қатысуы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұхтар Ерманның айтуынша, Астана уақыты бойынша сағат 08:15-те облыстық, Алматы, Шымкент және Астана комиссияларының жедел мәліметтеріне сәйкес, республика бойынша барлық 10 033 сайлау учаскесі және шет мемлекеттерде орналасқан Қазақстан өкілдіктеріндегі 17 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.

Сондай-ақ, оның айтуынша, уақыт белдеуіндегі айырмашылыққа байланысты шетелдегі тағы 51 сайлау учаскесі біртіндеп дауыс беруге қосыла бастайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1997981-qazaqstandagy-barlyq-sailau-ucaskesi-zumysyn-bastady/

pixel