Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев президент сайлауындағы қарсыластары туралы пікір білдірді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Президенттік сайлауда дауыс бергеннен кейін журналистер Қасым-Жомарт Тоқаевтан осы сайлауға түскен кандидаттардан кімдерді танитынын сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мен кандидаттармен бұрын жақсы таныс емес едім, бірақ үгіт-насихат бағдарламасы мен сайлау науқаны басталғаннан кейін олар туралы көбірек білдім. Бұл елдің білімді де тәжірибелі азаматтары екеніне сенімдімін, олардың мемлекеттің гүлденуіне өз үлесін қосатыны сөзсіз", - деп жауап берді Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Тоқаев Қазақстанның заң шығарушы органдарында оппозицияның пайда болуын күтетінін айтты.

Еске сала кетсек, бүгін, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Қазақстан азаматтары алты кандидаттың біреуіне немесе барлығына қарсы дауыс бере алады. Бұдан бұрын бюллетеньдердегі "бәріне қарсымын" деген жаңа баған сайлау нәтижесіне қалай әсер ететіні туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998017-toqaev-prezident-sailauyndagy-qarsylastary-turaly-pikir-bildirdi/

pixel