Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент сайлауы: 14:05-тегі жағдай бойынша ел азаматтарының қанша пайызы дауыс бергені белгілі болды

Опубликовано:

Бюллетенді салып тұрған әйел
Сайлау. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орталық сайлау комиссиясы ресми сайтында президент сайлауына қазақстандықтардың қатысуы туралы деректерді жариялады. ОСК мәліметінше, сағат 14:05-тегі жағдай бойынша ел азаматтарының 51,16 пайызы дауыс берген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 14.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,16 пайызы бюллетень алды", - делінген ОСК хабарламасында

Оның ішінде:

  • Абай облысы бойынша – 69,32,
  • Ақмола облысы бойынша – 51,04,
  • Ақтөбе облысы бойынша – 53,21,
  • Алматы облысы бойынша – 40,85,
  • Атырау облысы бойынша – 52,56,
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 43,85,
  • Жамбыл облысы бойынша – 52,74,
  • Жетісу облысы бойынша – 52,17,
  • Қарағанды облысы бойынша – 53,75 ,
  • Қостанай облысы бойынша – 53,15,
  • Қызылорда облысы бойынша – 59,18,
  • Маңғыстау облысы бойынша – 53,40,
  • Павлодар облысы бойынша – 52,55 %
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 53,10,
  • Түркістан облысы бойынша – 76,61,
  • Ұлытау облысы бойынша 68,32,
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 52,99,
  • Астана қаласы бойынша – 39,79,
  • Алматы қаласы бойынша – 24,17,
  • Шымкент қаласы бойынша – 51,69 пайыз.

Айта кетейік, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20:00-де аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998060-qazaqstandagy-prezident-sailauy-1405-tegi-zagdai-boiynsa-el-azamattarynyn-5116-paiyzy-dauys-bergen/

pixel