Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТМД бас хатшысы еліміздің ірі қалаларында сайлауға қатысу деңгейі неге төмен болғанын түсіндірді

Опубликовано:

дауысты санап жатқан қызметкерлер
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

ТМД бас хатшысы Орталық сайлау комиссиясының кулуарында Қазақстанның ірі қалаларында сайлаушылардың неліктен аз дауыс бергенін түсіндірді. Өңірлерде сайлаушылардың қатысуы 70-80 пайызды құраса, Астана, Алматы және Шымкентте 28-59 пайыз ғана болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ТМД бас хатшысы Сергей Лебедев мұндай статистика тек Қазақстанға ғана тән емес екенін айтады.

"Мен ресейлік ретінде, Мәскеу мен Санкт-Петербургте елдегі сайлаушылардың қатысуы бойынша ең төмен көрсеткішке ие екенін айтқым келеді. Үлкен қалаларда сайлаушылардың қатысуы аймақтарға қарағанда әрқашан төмен. Бұл жерде таңғаларлық ештеңе жоқ. Сайлау науқанын ұйымдастырушылар Астана мен Алматыдағы төмен пайыздар себебін түсіндіре алады. Қала тұрғындары әдетте демалыс күндері басқа жаққа шығып кетеді.

Қазақстанның аймақтарындағы сайлаушылардың белсенділігі жақсы көрінеді. Өңірлерде тұрғындар бейбітшілікті, тұрақтылықты және даму үдерісін сақтауға өте мүдделі. Елорда тұрғындары бұған қызығушылық танытпайды деп айтқым келмейді, бірақ мұндай енжарлық ТМД елдерінің барлығына да, алыс шетелдерге де тән", - дейді Лебедев.

Еске сала кетейік, ОСК мәліметі бойынша еліміздегі кезектен тыс президент сайлауына Шымкентте сайлаушылардың жалпы санының 59,79 пайызы, Астанада 48,6 пайызы, Алматыда небәрі 28,72 пайызы дауыс берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998262-tandanatyn-estene-zoq-tmd-bas-xatsysy-elimizdin-iri-qalalarynda-sailauga-qatysu-dengeii-nege-tomen-bolganyn-tusindirdi/

pixel