Президент сайлауына сайлаушылардың 69,43 пайызы қатысты
Жарияланған күні:
Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында президент сайлауына Астана уақытымен 22:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың сайлауға келуінің алдын ала қорытындылары жарияланды. Тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 69,43 пайызы бюллетень алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Орталық сайлау комиссиясы таратқан мәліметке сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашада, дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп, әрбір екі сағат сайын ОСК мүшелері дауыс берушілердің келуі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін таратқан.
Жалпы Қазақстан бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталса, сағат белдеулеріне сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де, бір сағатқа кеш аяқталған.
Осылайша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашада елорда уақытымен сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 69,43 пайызы бюллетень алғаны мәлім болды.
Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:
- Абай облысы бойынша – 80,18 %
- Ақмола облысы бойынша – 78,87 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 72,81 %
- Алматы облысы бойынша – 72,10 %
- Атырау облысы бойынша – 70,87 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 68,67 %
- Жамбыл облысы бойынша – 79,57 %
- Жетісу облысы бойынша – 81,42 %
- Қарағанды облысы бойынша – 78,39 %
- Қостанай облысы бойынша – 79,28 %
- Қызылорда облысы бойынша – 81,07 %
- Маңғыстау облысы бойынша – 66,99%
- Павлодар облысы бойынша – 77,58%
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,01%
- Түркістан облысы бойынша – 80,37%
- Ұлытау облысы бойынша 75,48 %
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49 %
- Астана қаласы бойынша – 48,60%
- Алматы қаласы бойынша – 28,72%
- Шымкент қаласы бойынша – 59,79%
Айта кетейік, Қазақстанда бүгін кезектен тыс президент сайлауы өтуде.
- "Тыныш жағдайда өтті": Бас прокуратура өкілі еліміздегі сайлау туралы пікір білдірді
- Елімізде дауыс беру аяқталып, бюллетеньдерді санау басталды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998148-prezident-sailauyna-sailausylardyn-6943-paiyzy-qatysty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.