Президент сайлауында қазақстандықтар қай елде белсенді дауыс берді: СІМ өкілі пікір білдірді

Опубликовано:

дауыс беру
Дауыс беру. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтардың шет елдердегі сайлау учаскелерінде дауыс беруі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айбек Смадияров Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінде орналасқан сайлау учаскелерінің жұмысын қамтамасыз ету бойынша Сыртқы істер министрлігінің жұмысы аяқталғанын мәлім етті.

Айта кетейік, сайлау учаскелері кезектен тыс президенттік сайлау кезеңіне ашылған болатын.

Ведомство өкілі жалпы әлемнің 53 елінде 68 сайлау учаскесі ашылғанын, оған 12 841 сайлаушы қатысқанын еске сала отырып, шетелдегі қазақстандықтар арасында белсенділік жоғары екенін атап өтті.

"Шетелдегі учаскелік сайлау комиссиясының бәрі өз жұмысын аяқтады. 11 360 Қазақстан азаматы дауыс берді. Бұл сайлаушылардың (шетелдердегі - ред. еск.) 88,47 пайызы. Қазақстан азаматтарының басым бөлігі Ресейде - 2600 адам дауыс берді. Түркия сайлаушылар саны бойынша екінші орында - 1423 адам. Одан кейінгі орында 591 адаммен Өзбекстан тұр", - деп қорытындылады спикер сөзін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1998285-prezident-sailauynda-qazaqstandyqtar-qai-elde-belsendi-dauys-berdi-sim-okili-pikir-bildirdi/