Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ресми сапармен Ресейге келді (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапармен Мәскеуге келді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапармен Мәскеуге келген сәті. Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 27 қарашада Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен келді. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы бүгін Мәскеуде Ресей президентімен келіссөз жүргізеді.

Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Сонымен қатар президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевты Мәскеудегі "Внуково-2" әуежайында ресми қарсы алу рәсімінен видео жариялады.

Айта кетейік, осы аптада мемлекет басшысы Францияға да ресми сапармен барады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999137-toqaev-resmi-saparmen-reseige-keldi-foto-video/

pixel