Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда кімдер сенатқа депутат бола алады: ОСК жауап берді

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: parlam.kz

Орталық сайлау комиссиясы өткізген брифингте сенат депутаттығына кандидаттар үшін қойылатын талаптар айтылды. Сайлау 2023 жылдың 14 қаңтарында өтсе, кандидаттарды тіркеу 29 қарашада басталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ОСК мәліметінше, сенат депутаттығына кандидат тұлға Қазақстан азаматы болуы керек және соңғы он жылда ел аумағында тұруы міндетті;

жасы отыздан асуы керек;

жоғары білімі болуы қажет;

жұмыс өтілі бес жылдан кем болмауы тиіс;

тиісті аймақ аумағында бес жылдан кем тұрмауы тиіс;

белсенді сайлау құқығына ие болуы керек.

Сондай-ақ сот қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жүрген азаматтар сайлауға қатыса алмайды. Сотталған, соттылығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған, жемқорлық бойынша кінәлі деп танылғандар да сайлауға түсе алмайды.

Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2022 жылдың 29 қарашасында басталып, 2022 жылдың 14 желтоқсанында жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады.

2023 жылғы 14 қаңтарда елімізде сенат депутаттарының сайлауы өтеді. Бұған дейін мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999208-qazaqstanda-kimder-senatqa-deputat-bola-alady-osk-zauap-berdi/

pixel