Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірқатар ЖЭО мемлекет меншігіне қайтарылады

Опубликовано:

ЖЭО
ЖЭО. Көрнекі фото: Pixabay.com

Үкімет пен Бас прокуратура бірқатар ЖЭО-ны мемлекет меншігіне қайтару бойынша алдын ала жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бұл мәселе 24 қарашада Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында қаралған.

Сондай-ақ үкімет Екібастұздағы төтенше жағдайға қатысты пікір білдіріп, энергетикалық нысандар қызметіндегі мәселелерді шешу қалай жалғасатынын мәлім етті.

"Жексенбі, 27 қараша күні жылу желілеріндегі желілік суды көп тұтынуға байланысты Екібастұз қалалық ЖЭО-да қазандық агрегаттар тоқтады. Оқиға салдарын жою бойынша шұғыл түрде штаб құрылды, апаттық-қалпына келтіру жұмыстары басталып, жедел желі ашылды.

28 қараша, сағат 11:00-дегі жағдай бойынша ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр. 129 көпқабатты және 114 жеке үйді, 11 әлеуметтік нысанды жылумен жабдықтау қалпына келтірілді", – делінген ресми хабарламада.

Проблемалық энергетикалық нысандардың қызметіндегі мәселелер бойынша жұмыс биыл наурыз айында құрылған Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия шеңберінде де жалғасын табады.

"Жалпы, осы уақыт ішінде республика меншігіне телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы (439 кірме т/ж жолдары) және экология салаларындағы 10 ірі компанияның акциялар пакеті мен қатысу үлесі қайтарылды.

Тау-кен өнеркәсібі саласындағы 142 кірме т/ж жолдары мен активтері бар 28 компанияның қатысу үлесі мемлекет меншігіне қайтару сатысында.

Тағы 20 нысан бойынша пысықтау жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде бірқатар ЖЭО, мұнай-газ және т/ж секторларының өндірістік объектілері, логистикалық, машина жасау активтері және т.б. бар", – делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999234-birqatar-zeo-memleket-mensigine-qaitarylady/

pixel