Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Жарияланған күні:

Бейбіт Исабаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды БОРТN1 Telegram арнасы.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалды",-деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 1962 жылы Алматы облысында туған.

Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Мамандығы – журналист, халықаралық қатынастар маманы. Төтенше және Өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар, саяси ғылымдардың кандидаты.

1985-1994 жылдары әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеді. Өркен – Горизонт газеттерінің бас редакторы, Қазақ мемлекеттік телерадио кешенінің бас директоры болды.

1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімшілігінде басшылық қызметтер атқарды, қала әкімінің орынбасары болды.

1997-2000 жылдарда – Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры.

2000-2002 жылдары премьер-министрі кеңсесінің үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.

2002-2003 жылдары – Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстанның Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымы мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі.

2003-2008 жылдарда Қазақстанның Пәкістан ислам республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі, Қазақстанның Түркия республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі, Қазақстанның Албания республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болды.

2008-2009 жылдарда Мәдениет және ақпарат вице-министрі, президенттің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды.

2009-2019 жылдары – Қазақстаның Қырғыз, Әзербайжан республикаларындағы төтенше және өкілетті Елшісі.

2019-2022 жылдар аралығында президенттің парламенттегі өкілдігінің басшысы, парламент сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болды.

2022 жылдың 11 маусымынан бастап – Жетісу облысының әкімі.

Айта кетейік, осы аптада елімізде бірқатар маңызды орган басшылары да қайта тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999690-beibit-isabaev-zetisu-oblysy-akimi-qyzmetine-tagaiyndaldy/