Тоқаев Павлодар облысының әкімін қызметінен босатты
Опубликовано:

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды БОРТN1 Telegram арнасы
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылды",-деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Президент Жарлығымен Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі қызметіне Мұрат Әйтеновты қайта тағайындаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1999708-toqaev-pavlodar-oblysy-akimin-qyzmetinen-bosatty/