jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Азия ойындарының жартылай финалына шықты

    Махмұд Сабырхан
    Махмұд Сабырхан. Фото: Владислав Семенов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Титулды қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда спортшыға оңтүстіккореялық Шин Джэ Ён қарсылас атанды. Жекпе-жек үш раундқа созылды.

    Бірінші раундта төрешілердің басым бөлігі жеңісті кореялық боксшыға берді. Екінші раундта оған ескерту жасалып, ұпайы шегерілді. Ал шешуші раундта жекпе-жекті өз қолына алған Сабырхан қарсыласын нокдаунға жіберді.

    Нәтижесінде қазақ боксшысы 3:1 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. Енді оның еншісінде кем дегенде Азия ойындарының қола жүлдесі бар. Келесі кезеңде спортшы Филиппин өкілі Карло Пааламмен кездеседі.

    Сабырхан – World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылдың үздік боксшысы. Былтыр ол осы ұйым өткізген жарыста әлем чемпионы атанған еді. Сондай-ақ спортшы 2023 жылы IBA өткізген әлем біріншілігінде де топ жарған болатын.

    Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Азия ойындарының жартылай финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram