jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Найман қызы
    Әсел Найман қызы
    Бұрынғы қызметкер

    Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды

    Айдарбек Сапаров
    Айдарбек Сапаров. Фото: gov.kz

    Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды БОРТN1 Telegram арнасы.

    "Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды", -деп жазылған хабарламада.

    Сапаров Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1984 жылы совхоздың бухгалтері болып бастаған.

    Әр жылдары ауыл шаруашылығы министрлігінде, аудан, облыс әкімдігінде түрлі қызметтер атқарған.

    "Құрмет" орденімен, "Астанаға 10 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталған.

    Еске салсақ, бүгін Президент Жарлығымен Павлодар облысы әкімі қызметінен босатылып, Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған еді.

    Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.