Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асайын Байхановтың орнына Павлодар қаласы әкімінің міндетін кім атқарады

Опубликовано:

Хасар Хабылбеков
Хасар Хабылбеков. Фото: Gov.kz

Павлодар қаласы әкімінің міндетін әкім орынбасары Хасар Хабылбеков атқарады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еске салсақ, бүгін Павлодар облысының әкімі болып бұған дейін Павлодар қаласын басқарған Асайын Байханов тағайындалған еді.

Енді Павлодар қаласына жаңа басшы тағайындалғанға дейін оның міндетін Хасар Хабылбеков атқаратын болады.

Хасар Хабылбеков 1986 жылы дүниеге келген. "Құқықтану" және "Көлік құрылысы" мамандықтары бойынша екі жоғары білім алған. Техника және технология магистрі.

Еңбек жолын 2008 жылы мемлекеттік емес құрылымдарда бастаған.

2012-2016 жылдар аралығында Павлодар облысының атқарушы органдарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген, кейін "Казстрой Инжиниринг ПВ" ЖШС директоры болған.

2017-2021 жылдары облыс әкімі аппаратының бас инспекторы, Тереңкөл және Шарбақты аудандарының, Екібастұз, Павлодар қалалары әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2021 жылы Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы болса, 2021 жылдың маусымынан 2021 жылдың тамызына дейін Павлодар облысының құрылыс басқармасын басқарған.

2021 жылғы тамызда Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000523-asaiyn-baixanovtyn-ornyna-pavlodar-qalasynyn-akimi-qyzmetin-kim-atqarady/

pixel