Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды қаласы әкімінің міндетін кім атқаратыны белгілі болды

Опубликовано:

Мейрам Кожухов
Мейрам Кожухов. Фото: instagram.com/qaragandy_akimdigi

Қарағанды қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары Мейрам Кожухов қала әкімінің міндетін атқаратын болады. Бұл туралы қалалық әкімдік желідегі ресми парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еске сала кетейік, 8 желтоқсанда бұған дейін Қарағанды қаласын басқарған Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалған еді.

Ал Мейрам Кожуховқа келсек, ол 1972 жылы 7 қарашада дүниеге келген.

Еңбек жолын 1992 жылы"М. К-Люкс" ЖШС атқарушы директоры лауазымынан бастаған.

2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.

2001 жылдан 2005 жылға дейін Қарағанды облысы Саран қаласының Мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм бөлімінің бас маманы.

2005 жылдан 2010 жылға дейін Ақтас кентінің әкімі.

2010 жылдан 2018 жылға дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары.

2018 жылдан 2022 жылға дейін Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі болған.

2022 жылдан бастап бүгінге дейін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000785-qaragandy-qalasy-akiminin-mindetin-uaqytsa-kim-atqaratyny-belgili-boldy/

pixel