Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Алтай Көлгінов
Алтай Көлгінов. Фото: instagram.com/altay_kulginov_officia

Астана қаласының бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

"Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.

"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Алтай Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген. 

Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 

2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен.

2001-2008 жылдары еліміздің Әділет министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарған.

2008-2010 жылдары "АлашМедиаГрупп" ЖШС бас директорының орынбасары.

2010-2012 жылдары Қазақстан президенті әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі.

2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болған.

2019 жылғы 13 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, 8 желтоқсанда мемлекет басшысының жарлығымен Астана қаласының әкмі болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000830-altai-kolginov-premer-ministrdin-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel