Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңа жылға үкіметтің осы құрамымен аяқ басуға бола ма": Тоқаев Смайыловқа сұрақты төтесінен қойды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы үкіметтің бірлескен отырысында еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелердің қалай шешілетініне алаңдаушылық білдірді. Бұл ретте президент премьер-министр Әлихан Смайыловқа "Жаңа жылда үкіметтің осы құрамымен жұмыс істеуге бола ма?" деген сауал қойды, деп хабарлайды БОРТ N1 арнасы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде президенттің сайлауалды бағдарламасын үкіметтің қазіргі құрамымен жүзеге асыру мәселесі премьер-министрмен және парламент депутаттарымен өткізетін консультациялары кезінде мұқият талқылануы тиіс екенін атап өтті.

"Үкіметтің негізгі міндеті – еліміздегі экономикалық мәселелерді шешумен айналысу. Бұл – үкімет мүшелерінің, әкімдердің, ұлттық компания басшыларының тікелей жауапкершілігі. Сондықтан мен премьер-министр Әлихан Асханұлы Смайыловтан шынайы жауап алғым келеді.

Жалпы, Жаңа жылға үкіметтің осы құрамымен аяқ басуға бола ма? Президенттің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру үкіметтің қолынан келе ме? Үкімет іштен және сырттан болатын барлық экономикалық қауіп-қатерге қарсы тұра ала ма? Меніңше, бұл мәселелер мемлекет басшысының премьер-министрмен және парламент депутаттарымен өткізетін консультациялары кезінде мұқият талқылануы керек. Алдымызда тұрған міндеттер – өте күрделі. Бұл міндеттер бүкіл ел азаматтарына қатысты. Сондықтан біз парасатты түрде бірлігімізді сақтап, бәріміз бірге еңбек етуіміз керек", - деді ол.

Сонымен бірге мемлекет басшысы келер жылы Қазақстанда Парламент сайлауы өтетінін атап өтті.

"Келесі жылдың бірінші жартысында елімізде Парламент сайлауы өтеді. Мен ұсынған саяси реформалар бағдарламасына сәйкес заң шығару билігі және жергілікті өкілді органдар сапалық тұрғыдан маңызды өзгеріске ұшырайды.

Үкімет те осы реформа үдерісінен тыс қалмауға тиіс. Бұл жұмыс бір уақытта, бір қарқынмен жүргізілуі керек. Сол себепті, мен барша үкімет мүшелері осы мәселе жөнінде ойлануы керек деп санаймын. Халқымыздың игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарыңыз табысты болсын", - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің бірлескен отырысы өтті. Онда қоғамды толғандыратын бірқатар мәселелер талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2001165-zana-zylga-ukimettin-osy-quramymen-ayaq-basuga-bola-ma-toqaev-smaiylovqa-suraqty-totesinen-qoidy/

pixel