Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облсының әкімі Әділет вице-министрімен кездесті

Жарияланған күні:

Кездесу
Фото: gov.kz

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келген Қазақстан Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековпен кездесті.

Вице-министр ұлттық заңнаманы қалыптастыру және дамыту шеңберіндегі жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. Мұнан бөлек, өңірде зияткерлік меншік құқығын қорғау, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы қызметтер сәтті түрде жүзеге асқанын тілге тиек етті.

Әділет министрлігі 119 нөмірі бойынша тәулік бойы тегін құқықтық ақпараттық кеңес береді.

Биыл "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңға өзгерістер енгізіліп, тегін заң көмегін алатын азаматтардың қатары артты. Осы жылдың 11 айында Қызылорда облысында 5 мыңға жуық азаматқа тегін заң көмегі көрсетілген.

Кездесу соңында алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды атқару мәселесі пысықталды.

Айта кетейік, Бекболат Молдабеков Достық үйінде Қызылорда облысының тұрғындары және қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2001326-qyzylorda-oblsynyn-akimi-adilet-vice-ministrimen-kezdesti/