Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан президенті қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Опубликовано:

Садыр Жапаров
Садыр Жапаров. Фото: kabar.kg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Әңгімелесу барысында Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елімізге бейбітшілік пен бақ-береке тілеген.

Өз кезегінде мемлекет басшысы Қырғызстан президентіне құттықтағаны үшін ризашылығын білдіріп, бауырлас қырғыз елімен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізген.

Сондай-ақ әңгімелесу кезінде тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамуына көңілі толатынын атап өткен.

Айта кетейік, бүгін еліміз Тәуелсіздік күнін атап өтуде. Қазақстанның егеменді ел болғанына биыл 31 жыл.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2001848-qyrgyzstan-prezidenti-qazaqstandyqtardy-tauelsizdik-kunimen-quttyqtady/

pixel