Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін елімізде Тәуелсіздік күні аталып өтуде

Опубликовано:

Алматыдағы Тәуелсіздік монументі
Алматыдағы Тәуелсіздік монументі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 16 желтоқсан ел халқы Қазақстан тәуелсіздігінің 31 жылдығын атап өтуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дәл осы күні - 1991 жылдың 16 желтоқсанында республикамыздың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы Конституциялық заң қабылданды.

Мемлекет тарихы институтының дерегінше, Қазақстан тәуелсіздігін бірінші болып Түркия мемлекеті мойындаған. Одан кейін АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция және т.б. елдер Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде таныған.

Биыл Астанада Тәуелсіздік күні қалай атап өтіледі

Елорда әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, айтулы күннің құрметіне Астана қаласының мәдениет, білім, спорт мекемелері қала тұрғындарына арнап ондаған іс-шара ұйымдастырып отыр.

Сондай-ақ бүгін NOMAD City Hall сахнасында Қ.Жүнісовтің "Алаш" драмасын тамашалауға болады. Басталуы сағат 19.00-де.

15-17 желтоқсан аралығында мереке құрметіне садақ атудан Астана ашық кубогы өтуде.

Биыл "Алғашқы қар" шаңғы маусымының ашылуы да атаулы күнге орайластырылған, іс-шара 16 желтоқсанда шаңғы трассасында өтеді. Басталуы сағат 11.00-де.

16-18 желтоқсан аралығында Тәуелсіздік сарайында жұптық биден елорданың ашық чемпионаты өтеді.

Сонымен қатар 16-19 желтоқсан аралығында елордада Ұлттық би спорттық ойындары өтеді. Ашылу салтанаты Бейбітшілік және келісім сарайында 17 желтоқсан күні сағат 12:00-де болады.

Мереке құрметіне қалада қайырымдылық іс-шаралар, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау акциялары да өткізілетін болады.

Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыда түрлі мерекелік және ресми іс-шаралар, соның ішінде ғылыми-практикалық конференциялар, фотокөрмелер, дөңгелек үстелдер және т.б. өткізілуде.

Сондай-ақ 16 желтоқсан - Республика алаңында Тәуелсіздік монументіне гүлшоқтары қойылады.

Ал 17 желтоқсан - "Тәуелсіздік таңы" монументіне гүл шоқтары қойылады.

Айта кетейік, Қазақстанда Тәуелсіздік күні биылдан бастап бір күн, яғни 16 желтоқсанда аталып өтіледі, ал 17 желтоқсан жұмыс күні болып есептеледі.

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар биыл Тәуелсіздік күні үш күн қатарынан – 16, 17 және 18 желтоқсанда демалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2001817-bugin-elimizde-tauelsizdik-kuni-atap-otilude/

pixel