Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы бір жаңа саяси партия тіркелді

Опубликовано:

Құжаттарды қарап отырған қызметкер
Құжаттарды қарап отырған қызметкер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Парламент кулуарында Әділет министрі Қанат Мусин елімізде жаңа партияларды тіркеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қанат Мусин қазіргі таңда ресми түрде екі партия тіркелгенін атап өтті.

"Бүгінде "Байтақ" және Respublika партиялары тіркелді. Екі партия. Олар толыққанды тіркелген, толыққанды құқығы бар партиялар", – дейді Әділет министрі.

Ол басқа партиялар бойынша жұмыс жалғасып жатқанын жеткізді.

"Олар әлі бірінші сатыдан өткен жоқ. Себептері бір – құжаттары заңға сәйкес келмейді", – дейді Қанат Мусин.

Еске салайық, қараша айының соңында Қазақстанда тұңғыш "Байтақ" жасылдар партиясы тіркелген болатын.

"Қазақстан тарихында тұңғыш рет "жасылдар" партиясы пайда болды, ал соңғы 20 жылда алғаш рет "Байтақ" жаңа партиясы ресми түрде тіркелді", – деген еді "Байтақ-Болашақ" экологиялық альянсы республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Азаматхан Әміртай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2002054-qazaqstanda-tagy-bir-zana-sayasi-partiya-tirkeldi/

pixel