Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Өзбекстан шекараларын демаркациялау туралы шартқа қол қойылды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев және Шавкат Мирзиеев
Қасым-Жомарт Тоқаев және Шавкат Мирзиеев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында.

Келіссөз қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа және Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан- Өзбекстанның мемлекеттік шекараларын демаркациялау туралы шартқа қол қойды.

Сонымен қатар ресми делегациялардың мүшелері мемлекет басшыларының қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойған:

1. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Өзбекстан Республикасының үкіметі арасындағы "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру туралы негіздемелік келісім;

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі арасындағы Электрондық сауда жүйесін дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Өзбекстан Республикасының үкіметі арасындағы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

4. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Өзбекстан Республикасының үкіметі арасындағы Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

5. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Орман шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы Орман шаруашылығы саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

6. 2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының үкіметі мен Өзбекстан Республикасының үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;

7. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Өзбекстан Республикасының президенті жанындағы Стратегиялық реформалар агенттігі арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум;

8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызметті дамыту агенттігі арасындағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

9. Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы Науаи облысының хокимиаты арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің 2023-2024 жылдарға арналған жол картасы;

10. Қазақстан Республикасы Түркістан облысының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы Жизақ облысының хокимиаты арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің 2023-2024 жылдарға арналған жол картасы

11. Қазақстан Республикасы Түркістан облысының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының хокимиаты арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің 2023-2024 жылдарға арналған жол картасы;

12. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ мен "Узбекнефтгаз" АҚ арасындағы келісім;

13. "Eurasian Resources Group S.а.r.L." компаниясы мен "Sanoat Energetika Guruhi Enera" ЖШҚ арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім;

14. "Қазфосфат" ЖШС, "Узкимёсаноат" АҚ және KP Fertilizers Ltd. арасындағы Өзбекстан Республикасында минералды тыңайтқыштар өндіру жөніндегі бірқатар кешендер құрылысының инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберіндегі бірлескен әріптестік туралы келісім;

15. "PTC Holding" ЖШС (Қазақстан Республикасы) мен Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының хокимиаты арасындағы Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2002671-qazaqstan-men-ozbekstan-sekaralaryn-demarkaciyalau-turaly-sartqa-qol-qoiyldy/

pixel