Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин ТМД елдерінің басшыларына клуб сақиналарын табыстады

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

ТМД елдерінің басшылары Санкт-Петербургте өткен бейресми саммитте сыйлық алды. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин оларға ерекше клуб сақиналарын табыс етті, деп хабарлайды Беларусь президенті жанындағы "Пул первого" Telegram арнасы.

Telegram арнаның хабарлауынша, алдымен олар ерекше сақинаны Беларусь прездиенті Александр Лукашенконың қолынан көрген.

Кейінірек Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев және Армения премьер-министрі Никол Пашинянға да осындай сақиналар сыйға тартылғаны белгілі болды.

Тілшілердің мәліметінше, 9 клубтық сақина ТМД басшыларының бейресми кездесуіне арнайы әзірленген екен. Сондай-ақ сақиналардан "Жаңа жылыңызбен" деген жазбаны көруге болады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ТМД басшыларына сыйға тартылған сақиналарды жаңажылдық кәдесый деп мәлімдеді.

"Бұл жай ғана жаңа жылдық кәдесый, басқа айтарлықтай ештеңе жоқ", – деп пікір білдірді Песков.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы мемлекет басшылары аталған сақиналарды таға ма деген сауалға "жоқ" деп жауап берді.

Айта кетейік, осы аптада ТМД мемлекеттерінің басшылары Санкт-Петербургте бейресми кездесуде бас қосқан еді. Аталған жиынға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2003385-putin-tmd-elderinin-bassylaryna-klub-saqinalaryn-tabystady/

pixel