Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Аймағамбетов оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов. Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды БОРТ N1.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Асхат Аймағамбетов 2003 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін тәмамдаған.

2006 жылы – Қарағанды "Болашақ" актуалды білім беру институтының заң факультетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004–2005 жылдары "Аңсар" жастар лигасы" ҚБ төрағасы болған, 2005–2006 жылдары "МЕДИА СП" ЖШС директоры, 2006–2012 жылдары — ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті қызметін атқарған.

2012–2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болған.

2014 жылдың ақпан айынан бастап 2017 жылдың тамыз айына дейін — Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

2017 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы білім жəне ғылым вице-министрі қызметін атқарған.

2019 жылдың маусымынан бастап 2022 жылдың маусымына дейін Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі қызметін атқарған.

2022 жылдың 11 маусымнан бастап бүгінге дейін Президент Жарлығымен оқу-ағарту министрі қызметін атқарды.

Айта кетейік, бүгін елімізде бірақатар тағайындаулар болып, оқу-ағарту министрлігінің басшысын қызметіне Ғани Бейсембаев келген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004055-asxat-aimagambetov-oqu-agartu-ministri-lauazymynan-bosatyldy/

pixel