Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Мұрат Жүребеков
Мұрат Жүребеков. Фото: gov.kz

Ақтөбе қаласының әкімі болып Мұрат Жүребеков тағайындалды, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі Facebook-тағы ресми парақшасында хабарлады.

Шаһардың жаңа әкімін қала активіне бүгін облыс басшысы Ералы Тоғжанов таныстырған.

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Strathclyde университетін, Гарвард бизнес мектебін және Қазақстан-Британ техникалық университетін тәмамдаған.

Әр жылдары "ҚазТрансГаз" ЖАҚ-та, "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ-та, Лондон қаласындағы "Аджип ККО" компаниясында, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "PSA" ЖШС-да жұмыс істеген. 

2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін Энергетика вице-министрі болды. 

2019 жылғы желтоқсаннан осы тағайындауға дейін бірінші энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004152-aqtobe-qalasyna-zana-akim-tagaiyndaldy/

pixel