Руслан Желдібай Президент әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы болды
Жарияланған күні:
Руслан Желдібай Президент әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы "Қазақстан" телеарнасында редактор болып бастаған.
2012-2018 жылдары "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер болған.
2018-2019 жылдары Ақпарат және коммуникациялар комитетінің интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, басшысы лауазымын атқарған.
2019-2020 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет еткен.
2020-2022 жылдары Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2022 жылғы ақпаннан сәуірге дейін премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
2022 жылғы 14 сәуірде Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004232-ruslan-zeldibai-prezident-akimsiligi-bassysynyn-orynbasary-prezidenttin-baspasoz-xatsysy-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.