Тоқаев қаңтар оқиғасында қаза болған азаматтардың рухына құран бағыштады (фото)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев және Наурызбай қажы Тағанұлы: Telegram/БОРТ N1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет Сұлтан мешітіне барып, қаңтар оқиғасында қаза болған азаматтардың рухына құран бағыштады. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram-арнасы хабарлады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, былтыр қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштады", - делінген мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, биыл қаңтар оқиғасына бір жыл толып отыр. Осыған орай бүгін, 5 қаңтарда мәжілістің жалпы отырысы қаңтар оқиғасының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Отырыста еліміздің бас прокуроры Берік Асылов пен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қаңтар оқиғасына қатысты баяндама жасап, депутаттардың сауалына жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004240-toqaev-qantar-oqigasynda-qaza-bolgan-azamattardyn-ruxyna-quran-bagystady-foto/