Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қайрат Келімбетовті лауазымынан босатты

Жарияланған күні:

Қайрат Келімбетов
Қайрат Келімбетов. Фото: primeminister.kz

Қайрат Келімбетов "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Нематұлы Келімбетов "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламда.

Қайрат Келімбетов "Астана" халықаралық қаржы орталығын 2015 жылдың 24 желтоқсанынан күні бүгінге дейін басқарды. 

Айта кетейік, "Астана" халықаралық қаржы орталығының жаңа басқарушысы болып Ренат Бектұров тағайындалды.

Ренат Бектұров президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Оның қаржылық қызмет көрсету саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2004454-qairat-kelimbetov-astana-xalyqaralyq-qarzy-ortalygynyn-basqarusysy-lauazymynan-bosatyldy/