jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    ҰҚШҰ тұрақты кеңесі отырысында Тасмағамбетов ұйымның бас хатшысы ретінде таныстырылды

    ҰҚШҰ тұрақты кеңесінің отырысы
    ҰҚШҰ тұрақты кеңесінің отырысынан фото: t.me/embassybel

    Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының тұрақты кеңесінің отырысында Беларусь елінің өкілі Александр Вольфович ұйымның жаңа бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті таныстырды. Бұл туралы Мәскеудегі Беларусь елшілігі Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Беларусь республикасы Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович ҰҚШҰ тұрақты кеңесінің отырысында ұйымның жаңа бас хатшысы, Қазақстанның өкілі Иманғали Тасмағамбетовті таныстырды", - делінген елшіліктің хабарламасында.

    Сондай-ақ кеңес отырысынан кейін БАҚ-қа сұхбат берген Александр Вольфович Тасмағамбетовтің жақын арада Минскке баруды жоспарлап отырғанын атап өткен.

    Еске сала кетейік, былтыр қараша айында Ереванда өткен ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында Иманғали Тасмағамбетов алдағы үш жылда ҰҚШҰ-ның бас хатшысы қызметін атқаратыны белгілі болған еді.

    Бұл қызметті Тасмағамбетовке дейін яғни, 2020 жылдың 1 қаңтарынан Беларусь елінің өкілі Станислав Зась атқарған болатын.

    ҰҚШҰ тұрақты кеңесі отырысында Тасмағамбетов ұйымның бас хатшысы ретінде таныстырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.