Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев "құрметті сенатор" мәртебесінен айырылды

Опубликовано:

Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Elbasy.kz

Сенат "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы" конституциялық заң жобасы бойынша парламент палаталарының бірлескен комиссиясы мүшелерін сайлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. тілшісі.

Комиссия құрамына келесі депутаттар кірді:

  • Владимир Волков;
  • Сұлтанбек Мәкежанов;
  • Дүйсенғазы Мусин.

Құжатты ертең парламенттің бірлескен отырысында қарау жоспарланып отыр. Кейін сенат кулуарында Мәулен Әшімбаев заңның күшінің жойылуына қатысты пікір білдірді.

"Біз ертең "Тұңғыш президент - Елбасы туралы" заңның күшін жоюға қатысты шешім қабылдаймыз. Тағы бір мәселе, құрметті сенатор атағы (Нұрсұлтан Назарбаевты "құрметті сенатор" мәртебесінен айыру) болып тұр. Бұл Конституциядан алынып тасталғанын ескерсек, яғни оның күшін жою үшін заң дайындалып жатқанын ескере отырып, біз өзіміздің регламентімізден "құрметті сенатор" мәртебесін алып тастадық. Мұның барлығы жалпыхалықтық референдум қорытындысы бойынша жүзеге асырылатын әрекеттер", - деп түйіндеді Әшімбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Конституциялық соты "Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы туралы" конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы" қаулы шығарған еді.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың Елбасы туралы заңның күші жойылғаннан кейін қандай артықшылықтардан айырылатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005085-nazarbaev-qurmetti-senator-martbesinen-aiyryluy-mumkin/

pixel