Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев парламент палаталарының төрағаларымен және премьер-министрмен кеңес өткізді

Жарияланған күні:

Президент парламент палаталарының төрағаларымен және премьер-министрмен кеңес өткізуде
Президент парламент палаталарының төрағаларымен және премьер-министрмен кеңес өткізуде. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының төрағаларымен және премьер-министрмен парламент мәжілісін тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

Кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы референдумда саяси өзгерістерге, соның ішінде парламентті және мәслихаттарды жасақтау тәртібін жаңартуға қолдау білдіргенін атап өткен.

"Мен қыркүйектегі Жолдауымда алда тұрған сайлау науқандары туралы айттым. Соған сәйкес өткен жылдың қараша айында кезектен тыс президент сайлауы өтті. Жуырда сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Енді мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуіміз керек", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Конституцияның 63-ші және 86-шы баптарына сәйкес өткізген кеңес барысында парламент сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов және премьер-министр Әлихан Смайылов сөз сөйлеген.

Кездесу соңында президент барлық айтылған ой-тұжырымдарды ескеріп, нақты шешім қабылдайтынын мәлімдеген.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005962-toqaev-parlament-palatalarynyn-toragalarymen-zane-premer-ministrmen-kenes-otkizdi/