Басы дауға қалған Азамат Әбілдаев мәжіліс депутаты өкілеттігінен айырылды
Жарияланған күні:
Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Азамат Әбілдаев мәжіліс депутатының өкілеттігінен айырылды. Бұл туралы ОСК ресми сайтында хабарланды.
"Ақ жол "Қазақстан демократиялық партиясы ұлттық қоғамдық бірлестігі ұлттық кеңесінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №1 қаулысының қабылдануына байланысты Азамат Рахатұлы Әбілдаевтың Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутатының өкілеттігін жоғалтқанын мойындалсын", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдаған мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев "Ақ жол" партиясынан шығарылғанын хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006105-basy-dauga-qalgan-azamat-abildaev-mazilis-deputaty-okilettiginen-aiyryldy/