Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақ жол" партиясы Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдайтын депутатты құрамынан шығарды

Жарияланған күні:

Азамат Әбілдаев. Фото
Азамат Әбілдаев. Фото: parlam.kz

Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдаған мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев "Ақ жол" партиясынан шығарылды, деп хабарланған партияның ресми сайтында.

Партияның баспасөз қызметі ұсынған мәліметтерге сай, бүгін Астанада "Ақ жол" демократиялық партиясы ұлттық кеңесінің пленумы өткен.

Онда ұлттық кеңес мүшелері Азамат Әбілдаевтың Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдау туралы сөзі, “Ақ жол” партиясының позициясына қарама-қайшы келетінін және ол партиялық, депутаттық этиканы бұзып отырғанын атап өткен.

"Ақ жол" партиясы өкілдері, бұл ретте, "қашан да республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен тұтастығын құрметтейтінін және қолдайтынын" айтады.

Айта кетейік, бұған дейін депутат БАҚ-қа берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путин мен оның сыртқы саясатынын қолдайтынын әрі соғысты "арнайы әскери операция" деп айтатынын жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2005991-aq-zol-partiyasy-reseidin-ukrainaga-basyp-kiruin-qoldaityn-deputatty-quramynan-sygardy/