Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Опубликовано:

Тоқаев пен Путин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда ресми Telegram-арнасында.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі ел басшылары телефон арқылы әңгімелесу барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін талқылаған.

Сондай-ақ тараптар сауда-экономикалық, энергетикалық және басқа да салалардағы байланыстарды одан әрі дамыта түсудің маңыздылығын атап өткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Ресей президентімен биылғы жылдың 3 қаңтарында телефон арқылы сөйлескен еді.

Әңгімелесу барысында олар мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелерін тақылаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006164-toqaev-putinmen-telefon-arqyly-soilesti/

pixel