Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды бірлікке шақырды

Опубликовано:

Тоқаев1
Фото: Alexander Astafyev\TASS via Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенат отырысында сөз сөйлеп, барлық Қазақстан халқын ынтымақ пен бірлікке шақырды, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.

"Біздің "Әртүрлі көзқарас, біртұтас ұлтқа" негізделген қағидатымыз мызғымайды. Сонымен қатар билікке қарай айтылған сын негізсіз болмауы тиіс. Сын конструктивті болғаны жөн. Саяси радикализм мен экстремизмнің кез келген түріне елімізде орын жоқ. Демократия – бұл, ең алдымен, өз сөзің мен ісіңе жауапкершілікпен қарау. Бәріміз бір шаңырақ астында өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан әрбір азамат, кез келген қоғам қайраткері, барша саяси күш ел болашағы үшін өзінің тікелей жауапкершілігін сезінуі қажет", - деді мемлекет басшысы.

Бұл ретте президент барша қазақстандықтарды бірлік пен ынтымаққа шақырды.

"Барша отандастарыма айтарым: әлемде бұрын-соңды болмаған күрделі геосаяси ахуал кезінде еліміздің тыныштығы мен ырыс-берекесін сақтау тек өзімізге, бірлігіміз бен ынтымағымызға байланысты. Тәуелсіздігімізді сақтау және оны нығайту аса маңызды міндет екенін тағы да еске саламын. Бұл – халқымыздың басты құндылығы.

Біз конструктивті реформа бағытымен алға қарай нық қадам басып, мемлекеттілігімізді нығайтып, қоғамды біріктіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Саяси жауапкершіліктің биік мәдениеті мен азаматтарымыздың шынайы патриотизмі мұның кепілі бола алады. Әрқайсымыз өзара тілеулестік қағидатынан айнымауымыз керек. Сонда ғана тең мүмкіндіктер мен дамуды ту еткен Әділетті Қазақстанды құрамыз", - деді ол.

Айта кетейік, президент бұған дейін Мәулен Әшімбаевты сенат төрағасы етіп сайлауды ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2006832-memleket-bassysy-qazaqstandyqtardy-birlikke-saqyrdy/

pixel