jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Найман қызы
    Әсел Найман қызы
    Бұрынғы қызметкер

    Мемлекет басшысы: Тыныштық болмаса, басқа табыстың бәрі бір сәтте құрдымға кетеді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат отырысында сөз сөйлеп, ел тұрғындары қамқор, жанашыр болып, жақсылыққа ұмтылуы қажет екенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың ресми Telegram-арнасы.

    "Шын мәнінде, татулық пен тұрақтылық ең асыл құндылық екеніне бәріміз көз жеткіздік. Тыныштық болмаса, басқа табыстың бәрі бір сәтте құрдымға кететінін көрдік. Біз ел бірлігінің арқасында барлық қиындықты жеңіп келеміз. Сондықтан, барды бағалап, ырысты ынтымағымызды қорғау – бәрімізге ортақ қасиетті борыш.

    Біз бір-бірімізге қамқор, жанашыр болып, жақсылыққа ұмтылуымыз керек. Қоғамдық келісімді сақтау мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес. Бұл – еліміздің әрбір азаматының перзенттік парызы. Біз не істесек те, ел мүддесі үшін жасаймыз"

    Мақсатымыз – Қазақстанды тұғыры берік, экономикасы қуатты, рухы асқақ, бірлігі бекем мемлекет ретінде ұрпаққа табыстау. Осы тарихи міндетті бәріміз бірге абыроймен атқарып шығамыз деп сенемін", - деді президент.

    Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы қазақстандықтарды бірлікке шақырған еді.

    Мемлекет басшысы: Тыныштық болмаса, басқа табыстың бәрі бір сәтте құрдымға кетеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.