Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіс Қасымбек президентке Астананы дамыту жоспарын баяндады

Опубликовано:

Жеңіс Қасымбек президент қабылдауында
Жеңіс Қасымбек президент қабылдауында. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Елорда әкімі президентке қаланың 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және осы жылға арналған жоспары туралы баяндаған.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елорда әкімдігі әлеуметтік нысандар салуға, елдімекендерді дамытуға, ұзаққа созылған құрылыстарды аяқтауға, жеке инвестициялар тартуға, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

Жеңіс Қасымбек президентке "Жайлы мектеп" жобасының іске асырылу барысы туралы да есеп берген. Оның сөзінше, ұлттық жоба аясында жаңа форматтағы 100 мың орындық 25 мектептің жобасы жасалып жатыр. Мектептердің құрылысы биыл басталады.

Сонымен қатар Астана әкімі мемлекет басшысына ауызсу станциясы (ССС-3), жылу электр орталықтары, газ жылу станциялары құрылыстарының барысы туралы да мәлімет берген.

Жеңіс Қасымбектің мәліметінше, ССС-3 станциясының қуаты тәулігіне 100 текше метрден астам суды тазалап, жеткізуге жетеді. "Тұран" газ жылу станциясы 8 миллион шаршы метр тұрғын үйді жылытуға қауқарлы. Тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс Қасымбекке Астананың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2007041-zenis-qasymbek-prezidentke-astana-qalasynyn-osy-zylga-arnalgan-zospary-turaly-bayandady/

pixel