Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ Ирандағы Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылды қатаң айыптайтынын мәлімдеді

Опубликовано:

Сыртқы істер министрлігі
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ғимараты. Фото: gov.kz

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Иран астанасы Тегерандағы Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сыртқы саяси ведомствоның Telegram-дағы ресми-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2023 жылғы 27 қаңтарда орын алған және дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің қаза болуы мен жаралануына әкеп соққан Әзербайжан Республикасының Тегерандағы елшілігіне жасалған қарулы шабуылды қатаң айыптайды.

Қазақстан дипломатиялық миссиялар мен оның өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық пен агрессия актілерінің кез келген көрінісі қабылданбайды деп санайды. Мұндай шабуылдар халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзады және жалпыға бірдей айыпталуға жатады деп санаймыз.

Әзербайжанның бауырлас халқына, сондай-ақ қаза тапқан Әзербайжан Республикасының азаматы Орхан Аскеровтың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуін тілейміз", - делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство Иран Ислам Республикасының билігі бұл оқиға бойынша мұқият тергеу жүргізіп, кінәлілерді жазалау үшін тиісті шаралар қолданатынына сенім білдірді.

Еске сала кетейік, 27 қаңтарда Тегерандағы Әзербайжан елшілігіне қарулы шабуыл жасалып, салдарынан елшіліктің қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тауып, тағы екі қызметкер жараланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2007115-qazaqstannyn-syrtqy-ister-ministrligi-irandagy-azerbaizan-elsiligine-zasalgan-sabuyldy-qatan-aiyptaitynyn-malimdedi/

pixel