jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Ирандағы Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылдан бір адам қаза тапты

Полиция қызметкерлері Ирандағы Әзербайжан елшілігінің алды
Ирандағы Әзербайжан елшілігінің алды. Видеодан кадр: Тwitter.com/adnanhuseyn

Тегеранда Әзербайжан елшілігіне қарулы шабуыл жасалды. Оқиға салдарынан елшіліктің қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тауып, тағы екі қызметкер жарақат алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Азербайжан сайтына сілтеме жасап.

"27 қаңтарда Баку уақытымен 08:30-да Иран Ислам Республикасындағы Әзербайжан Республикасының елшілігіне қарулы шабуыл жасалды", – деп келтіреді басылым СІМ хабарламасын.

Басылымның мәліметінше, "Калашников" автоматымен қаруланған ер адам күзет бекетіне шабуыл жасап, қауіпсіздік қызметінің басшысы Орхан Әскеровті өлтірген. Сонымен қатар, шабуыл салдарынан департаменттің мәліметінше, елшіліктің екі күзетшісі жараланған. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.

Басылымның хабарлауынша, Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасады деген күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Қосымша ақпарат кейінірек жарияланбақ.

Ирандағы Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылдан бір адам қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.