Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтеді. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.

"Жиынға Президент әкімшілігінің басшылығы, үкімет мүшелері және орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысады. Кеңес отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, премьер-министрдің орынбасарлары Роман Скляр мен Алтай Көлгінов баяндама жасайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 27 қаңтар күні елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мемлекет басшысына Астананы дамыту жоспарын баяндаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2007459-tokaev/

pixel