Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәнекерлеушіден металлургке дейін: Балқашта оқушылар кәсіби шеберлік чемпионатында бақ сынады

Опубликовано:

дәнекерлеу
Фото: pixabay.com

20 қаңтарда «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінде «JasSkills Kazakhmys 2023» кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Өз құзыретіндегі үздік атағы үшін Балқаш, Приозерск және Ақтоғай аудандарындағы орта мектептің 9 сынып оқушылары бақ сынасты.

«JasSkills Kazakhmys 2023» мақсаты-оқушылардың кәсіби бағдарлануы мен заманауи жұмысшы мамандықтарын игеруі үшін жаңа мүмкіндіктер жасау.

работницы цеха
Фото: Kazakhmys Holding

Чемпионат төрт құзырет бойынша өткізіледі: «Дәнекерлеу ісі», «Электромонтаж», «Слесарлық-жөндеу жұмыстары» және «Металлургия».

сварщик
Фото: Kazakhmys Holding

Бірінші кезеңде 217 үміткердің ішінен қатысушы мектептердің әрқайсысында үздік деп танылған 74 қатысушы іріктелді. Екінші кезеңде конкурсанттар әртүрлі тапсырмаларды орындап, жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылықтарын ескере отырып, құзыреттерді таңдады. Нәтижесінде 20 қатысушы чемпионаттың финалистері атанды.

работницы цеха
Фото: Kazakhmys Holding

Чемпионаттың шешуші кезеңінде қатысушылар 2,5 сағат бойы өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетті.

Барлық жүлдегер «Қазақмыс» корпорациясы мен Балқаш қаласының Жастар ресурстық орталығынан бағалы сыйлықтар, жүлделер мен Құрмет грамоталарын алды.

«JasSkills Kazakhmys 2023» участник
Фото: Kazakhmys Holding

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2008180-danekerleusiden-metallurgke-deiin-balqasta-oqusylar-kasibi-seberlik-cempionatynda-baq-synady/

pixel