Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Сергей Терещенконың отбасына көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Терещенконың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Терещенконың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

"Сергей Александрович еңбек жолында колхоз инженерінен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірінші төрағасына дейінгі кәсіби белестерден өтті. Оның басшылығымен Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар әзірленіп, жүзеге асырылды.

Белсенді қоғам қайраткері және кәсіпкер ретінде С.Терещенко еліміздің дамуына, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Ерекше сіңірген еңбегі үшін "Қазақстанның Еңбек Ері" жоғары атағымен, басқа да мемлекеттік наградалармен марапатталды", – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенко 71 жасында дүниеден өткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2008925-toqaev-sergei-tereshhenkonyn-otbasyna-konil-aitty/

pixel