Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенко өмірден озды

Опубликовано:

Сергей Терещенко
Сергей Терещенко. Фото: atameken.kz

Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі Сергей Терещенко өмірден өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сергей Терещенко 1991 жылдың 16 желтоқсанынан 1994 жылдың 14 қазанына дейін Қазақстанның премьер-министрі болған. Ол 71 жаста еді.

"Параграф" ақпараттық жүйесінің мәліметінше, Сергей Терещенко 1951 жылы 30 наурызда Ресей Федерациясының Приморск өлкесіндегі Лесозаводский қаласында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

Ол Қазақ ауыл шаруашылығы институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша, сондай-ақ Алматы жоғары партия мектебін және Ресей Ғылым академиясының Экономика институтын бітірген.

Еңбек жолын Шымкент облысы Түлкібас ауданында Куйбышев атындағы ұжымшардың бас инженері болып бастаған. Кейін аудандық партия комитетінің хатшысы, Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің инспекторы, Шымкент облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

1989-1990 жылдары Қазақ КСР министрлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, кейін Қазақ КСР жоғарғы кеңесі төрағасының бірінші орынбасары.

1990 жылы - Қазақ КСР президентінің орынбасары, Қазақ КСР президенті іс басқармасының меңгерушісі.

1992-1993 жылдары - Қазақстан республикасының шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің төрағасы.

1993-1994 жылдары - Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы.

1991-1994 жылдары - Қазақстанның премьер-министрі болған.

1994 жылдан бастап - "Интеграция" халықаралық қорының басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008883-qazaqstannyn-tungys-premer-ministri-sergei-tereshhenko-omirden-ozdy/

pixel