Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орал қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Жандос Дүйсенғалиев
Жандос Дүйсенғалиев. Фото: Instagram.com/uralskakimat

Орал әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке бұрын қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарған Жандос Дүйсенғалиев келді. Бұл туралы Орал әкімдігі Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Дүйсенғалиев Жандос Асхатұлы 1990 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі – жоғары, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "тарих" мамандығы, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданындағы "Сырым жастары" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып бастаған.

Әр жылдары Сырым ауданы әкімінің аппаратында, Қазталов ауданы әкімі аппаратында, Орал қаласы әкімінің аппаратында қызмет еткен.

2020 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

Жандос Дүйсенғалиев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласына жетекшілік ететін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2009697-oral-qalasy-akiminin-zana-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel